Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы екінші жекпе-жекке толық дайын, деп хабарлады sputniknews.kz.

"Мен үй тапсырмасын орындадым. Бұл жекпе-жекте жеңіске жетуім керек екенін білемін. Бұл тіпті үлкен жекпе-жек болады (алғашқысымен салыстырғанда). Алғашқы жекпе-жек қиын соққан жоқ. Маған жайлы болды, жеңіске жеткенімді сездім. Көп уақытымды демалуға жұмсадым. Бұл жекпе-жек бұрынғысынан өзгерек болады. Болжам жасамаймын, алайда үлкен шоу сыйлаймын!", — деді Головкин Worldboxingnews.net сайтына берген сұхбатында.

Айта кеиейік, қос боксшы арасындағы соңғы жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен