Кеше «Фиорентина» командасының капитаны Дивиде Астори жүрек талмасынан тұйықсыз қайтыс болған еді.Негізі жоспар бойынша, 31 жастағы футболшы келесі апта командасымен келісімшарт мерзімін ұзартуы керек болатын. Жаңа келісімшарт мерзімі ойыншының кәсіби мансабының соңына дейін жасалады деп күтілген.Алайда, айтып келмейтін ажал Асториды аяқ асты адамдар арасынан алып кетті. Қайғылы оқиғаға байланысты осы аптаға жоспарланған Италия А сериясының ойындары кейінге шегерілді.Ал «Фиорентина» футбол клубының басшылары қайтыс болған футболшымен жасалуы керек болған келісімшартты аяқсыз қалдырған жоқ. Мәңгілік келісім жасады. Оның жалақсын енді әйелі мен қызы алатын болады.Төленетін жалақы футболшы отбасындағылардың қайғысын жеңілдете алмағанымен, адамгершілік тұрғысынан үлкен көмек екені сөзсіз.