Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында, бүгін еркін күрес шеберлері күш сынасты.70 келі салмақта бақ сынаған Мейiржан Ашіров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Отандасымыз жүлделі үшінші орын үшін өткен белдесуде Моңғолия балуаны Биямбадоржем Бат Ерденені жеңді.