Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында, бүгін еркін күрес шеберлері күш сынасты.57 келі салмақта бақ сынаған Жандос Исмаилов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз жүлделі үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран балуаны Надер Ахмад Хаджиганисамакоушиді жеңді.