Ақпанның 7-9 аралығында Иранның Тебриз қаласында еркін күрестен «Тахти» кубогы жолындағы халықаралық жарыс өтеді. Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнирде Қазақстанның еркін күрес балуандары да күш сынасады.

«Тахти» кубогында Қазақстан намысын төмендегі палуандар қорғайды:

Саятбек Оқасов (65 келі), Нұрлан Бекжанов (74 келі), Жігер Зәкіров (79 келі), Нұрдәулет Көктеубаев (86 келі), Сәкен Айтжанов (86 келі).