Мексикалық боксшы Сауль Альварестің пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы бірінші жекпе-жекте оны «тонап» кеткен.

«GGG «мені тонап кетті» деп айтады. Ал менің қалай өнер көрсеткенімді, бұл жекпе-жекке қалай дайындалғанымды ескерер болсақ, төрешілер мына мені «тонады». Қатты қапаландым. Енді адамдар кімнің шын мықты екенін білуі керек. Головкин де өзінің қауіпті бола алатынын дәлелдеуге тырысады», - деді Альварес.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек тең аяқталған. Ал рематч 5 мамырда өтеді.