Халықаралық бокс ұйымы (IBO) боксшылардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.
Ауыр салмақта өнер көрсететін Иса Ақбербаев үздік 100 боксшының арасында 33-орынға тұрақтаған. Ал орташа ауыр салмақтағы Әли Ахмедов рейтингте екі орынға көтеріліп, 37-орыннан көрінді. Бірінші орташа салмақта ел намысын қорғап жүрген Қанат Ислам рейтингте 6-орыннан 8-орынға төмен сырғыды. Орта салмақта өнер көрсететін бокшылардың тізімінде Жанқош Тұраров төрт сатыға жоғары көтеріліп, 52-орынға тұрақтады.