Ташкенттегі Гран-придің жеңімпазы,  ұлттық құраманың басты үміті Гулжан Исанова әлем рейтингісінде екі сатыға көтеріліп сегізінші орында жайғасты. 
 
Исанова қос Гран-приде топ жарып қанжығасына 600 ұпайды еншіледі. Екі дүркін гран-при кезеңінің қола жүлдегері Мариана Урдабаева (63 келі салмақта) 34-орынға жайғасса, Альбина Амангелдиева (78 келі салмақта) 24-ші орынға көтерілді, ал Александра Подрядова болса (48 келі салмақта) әлемде 19-шы орында тұр. 
 
Ташкентте өткен жарыста бірде-бір медаль ұтпаған ерлер құрамасы рейтингідегі жағдайына әсер ете алмады. 
 
Естереңізге сала кетсек, Ташкент қаласындағы Гран-при кезеңінде Гульжан Исанова 78 келіден ауыр салмақта топ жарды.