Пхёнчхан қаласы қысқы Олимпиада ойындарынан кейін наурыздың 9-18 аралығында өтетін Паралампиаданы қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Паралимпиадаға шамамен алты спорт түрінен шамамен 670-ке жуық спортшы қатысады.

Аталмыш дүбірлі дода мына спорт түрлерінен 80 медаль жиынтығы ойнатылады: тау шаңғы спорты, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, сноуборд және керлинг.

Пхёнчхандағы Паралимпиада ойындарының ресми бойтұмары - «Бандаби» атты қара қонжық.