Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында әуесқой және кәсіби атлеттер арасында Freestyle-жарысы өтеді.

Спорттық «Gorilla Winter Jungle» бойынша бәсеке екі бағытта: «Freeski» және «Snowboard» жүреді. Бағдарламада «Freestyle Show» - көрсетілім шоу ұсынылады, оған «Gorilla Team», «Big Air» кәсіби атлеттер қатысады.Фристайлден үлкен трамплиндегі жарыс әуесқой деңгейдегі райдерлер үшін ұйымдастырылады, оған жасы 16-ға толғандардың барлығы қатыса алады, мұнда түрлі трюктер, амплитудалық және акробатттық секірулер, сонымен қатар «Jibbing» - мини контесттер (перилдер, бокстар, грандер), шаңғы мен сноубордтарда түрлі трюктер жасауға болады.

Жарыстың жүлделік қоры 1 миллион теңгеден астам, бұдан өзге шараны ұйымдастырушы серіктестердің өз жүлделері болады. «Big Air» сноуборд: 1орын – 300 000 тг, 2 орын – 200 000 тг, 3 орын – 100 000 тг. «Big Air» шаңғы: 1 орын – 150 000 тг, 2 орын – 100 000 тг, 3 орын – 50 000 тг. «Jibbing» сноуборд – 100 000 тг, «Jibbing» шаңғы – 50 000 тг. Қыздар: жастыққа секіру – 50 000 тг, джиббинг – серіктестік жүлдесі.

Жарыс Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында 2018 жылдың 10 наурызында сағат 11:00 ден 17:00-ге дейін өтеді.