Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 2000 жылы туған жасөспірімдерден құралған Қазақстан құрамасы екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Бір қызығы, екі ойында да Қазақстан құрамасын алаңға Астана қаласының өкілдері капитандық белгімен бастап шықты. Бірінші кездесуде ол міндетті Мәди Жақыпбаев атқарса, екінші ойында «Астана» футбол орталығының түлегі Әлім Ілиясов атқарды.

Даниялық «Кеге» ұжымына қарсы өткізген кездесу 3:2 есебімен аяқталса, румындық «Академия» командасына қарсы ойын 4:1 есебімен аяқталды. Бірінші кездесуде «Астана» дубль құраманың шабуылшысы Лев Скворцов нәтижелі соққысымен ерекшеленді.

Екі кездесуде де елордалық ойыншылар алаңға шықты. Олар: қақпашылар Владислав Саенко мен Олег Медведев, қорғаушылар Әлім Ілиясов, Сағи Совет, жартылай қорғаушы Жасұлан Қайыркенов пен шабуылшы Лев Скворцов.