«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Спортингке» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады.
Ойын 3:3 есебімен аяқталып, кездесуде Марин Томасов нәтижелі соққысымен және нәтижелі пасымен көзге түскен болатын. Дәл осы хорватиялық ойыншы жанкүйерлер тарапынан 54,9% дауыс жинап, үздік атанды.

Екінші орында кездесудің нүктесін қойып, елордалық командаға тең нәтиже сыйлаған Дмитрий Шомко. Вице-капитан жанкүйерлердің20,8% қолдауына ие болды.

Ал үздік үштікті тағы бір голдың авторы – Патрик Твумаси қорытындылады.

Дауыс беру қорытындысы: 1.Марин Томасов 54,9% 2.Дмитрий Шомко 20,8% 3.Патрик Твумаси 14,6% 4. Абзал Бейсебеков 3,5% 5.Марин Аничич 1,3% Дауыс беруге жалпы саны 6 518 адам қатысты.