Кореяның Пхенчхан қаласында өткен ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары аяқталу алдында.

Ақ олимпиаданы ұйымдастырушылар бұл кеште дәстүрлі және заманауи мәдениетті бір арнада тоғыстырады. Сонымен қатар керемет шоу бағдарлама да жоспарланған. Ал Олимпиада жалауы келесі қысқы ойындарын өткізуші Бейжіңге табысталады. Көпжылдық дәстүр бойынша жабылу салтанатында шаңғы марафонының жеңімпаздары марапатталады.

Салтанатты рәсімді тікелей эфирде Қазақстан ұлттық арнасынан тамашалауға болады.