Бүгін алты құрлықтың басын қосқан ақ Олимпиаданың жабылуы салтанаты өтеді.

Кореяда ел намысын қорғаған қазақ қырандарын Пхенчхан төріндегі Олимпиаданың жабылуы салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев бастап шығады. Төрт жылдықтың басты бәсекесінің жабылу салтанатында Абзал ту ұстап шықпақ.

Айта кетейік, Олимпиданың жабылу салтанатын Хабар арнасы тікелей эфирден көрсетеді.