Бокстан сегіз салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо сәуір айында Нью-Йоркте жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Бүгінде боксқа қош айтқандай күйде жүрген даңықты боксшы шаршы алаңға қайта оралуға құлшыныс танытып отыр.Бұл жайлы Пакьяоның Промоутері «Top Rank Promotions» компанаисының жетекшісі Боб Арум мәлімдеді.- Пакьяоның қарсыласы кім болатыны жайлы ішкі есебіміз бар. Бірақ, дәл қазір есімін атамаймын. Тек, Мэнни өзі толық келісімін берген соң ғана жариялайтын боламыз. Қазірше қарсыласымыздың өте жоғары деңгейлі боксшы екенін ғана айта аламын, - дейді Боб Арум.