Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (11-0, 9 КО) келесі қарсыласы белгілі болды.

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының хабарлауынша, қазақстандық боксшы келесі жекпе-жегінде 30 жастағы мексикалық Ноэ Нуньеспен (18-5-1, 13 КО) жұдырықтасады. Кездесу бірінші жартылай орта салмақ аясында өтіп, сегіз раундқа жоспарланған. Жекпе-жек 31 наурызда Мексиканың Монреаль қаласында өтеді.

Айта кетейік, осы бокс кешінде Қазақстанның тағы бір боксшысы Абылайхан Құсайынов (7-0, 5 КО) рингке шығады. Бірақ оның қарсыласы әлі белгісіз.