Қазақстандық боксшы Арман Рысбек кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізді.
Киссиммидегі (Флорида штаты, АҚШ) бокс кешінде Арман америкалық Джон Морхауспен кездескен. Қос боксшы үшін бұл кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жек болатын. Рысбек қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Арман Рысбек «Астана арланстың» сапында өнер көрсетіп, 2017 жылы Бүкіләлемдік бокс кеңесінде чемпион атанған болатын.
Комментарии