Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында ерлер арасында шаңғыдан 50 шақырым қашықтықта бақ сынаған Алексей Полторанин 15-ші болып қалды.Жанкүйерлер Алексейден жүлде күткен болатын. Алайда отандасымыз жүлде түгілі үздік ондыққа да ене алмады. Жарыс аяқталған соң Полторанин неге осындай сәтсіз өнер көрсеткеніне өзі де таңғалып, өкініш білдірді.- Не болғанын білмеймін. Барынша жүгірдім. Барлығы жақсы болған, күшім де болды. Мен жарысты бастағанда екінші немесе үшінші орын туралы ойламадым. Жеңіс немесе жеңіліс деген екі ғана жол болды. Бірақ, мен жеңілістің жолына тап болдым, - дейді өкініштен өзегі өртене.