Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан 50 шақырымдық қашықтық жарысы аяқталды.

Бұл сайыста басты фавориттердің бірі қазақстандық Алексей Полторанин болған. Полтораниннен бөлек, Қазақстанның намысынВиталий Пухкало қорғады. Ал Денис Волотка жарыс жолына шыға алмай қалды.

Өкінішке қарай, жарыс бойы үздік үштікте келе жатқан Полторанин мәреге жақындаған сәтте қарсыластарын алға жіберіп алды. Нәтижесінде ол 15-ші орынға табан тіреді.

Бұл жарыста алтын медальді финн Иво Нисканен жеңіп алды. Ал күміс жүлде Ресейдің олимпиадалық атлеті Александр Большуновқа бұйырды. Қола медальді тағы бір ресейлік Андрей Ларьков еншіледі.

Қысқы Олимпиада ойындары-2018. Пхёнчхан (Оңтүстік Корея)

Шаңғы жарысы. Ерлер. Масс-старт. 50 шақырым. Классикалық стиль

1. Иво Нисканен (Финляндия) — 2:08:22.1

2. Александр Большунов (РОА) — +18.7

3. Андрей Ларьков — +2:37.5.