Испанияда жергілікті «Атлетико» мен мәскеулік «Спартак» клубтарының Еуропа лигасындағы ойыны алдында жанкүйерлер төбелесіп, 1 полицей жарақат алды.

Кейін ол ауруханада көз жұмды. Тағы 5 бұзақы тұтқындалды. Екі команда жанкүйерлерінің қақтығысы неден басталғаны әзірге белгісіз. Кей мәліметке қарағанда, ресейлік фанаттар стадион алдында отшашулар қолданған. Ал жалпы футбол жанкүйерлері арасындағы мұндай қақтығыстар жиі кездеседі. Сондықтан әр мемлекет үнемі ойын көруге баратын азаматтарынан тәртіп сақтап, барынша абай болуға шақырып отырады.