Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада 22 ақпан күнгі жарыстарты қоса есептегенде командалық есепте 13 алтын, 11 күміс, 9 қола медальмен Норвегия бірінші орында келеді. Ал 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медалі бар Германия екінші, 9 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлдемен Канада үшінші орында тұр. АҚШ (7-6-6) пен Голландия (6-6-4) - үздік бестікте. Олимпиаданы ұйымдастырып жатқан Оңтүстік Корея спортшылары 4 алтын, 3 күміс 2 қоламен жалпы есепте 9-орында келеді. Қытай (5 күміс, 2 қола) мен Ресей олимпиадалық атлеттерінде (4 күміс, 9 қола) әзірге алтын медаль жоқ. Қазақстан, Латвия, Лихтенштейн бір қоламен 26-орынды бөлісіп тұр. Олимпиада 25 ақпанда аяқталады.

azattyq.org