Шаңғы жарысынан Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте сәтсіз өнер көрсеткен болатын.

Анна Шевченко мен Валерия Тюленева бастаған команда бірінші жартылай финалда 10-шы орын алып, ақтық кезеңге өте алмады. Жарыстан соң Анна өзінің әсерімен бөлісті.

- Нәтижеге көңілім толмады. Әрине, финалға шыққымыз келген. Бірақ қолымыздан келмеді. Басқа нәтижені көздегенбіз. Енді бұл сайысты тезірек ұмытып, алдағы жарыстарға дайындаламыз, - деді Анна Шевченко.