Өзбекстан астанасында дзюдодан Ташкент бас жүлдесі үшін халықаралық турнир аяқталды.

Спортшыларымыз көршілес елден 1 алтын жүлде алып қайтты. 78 келі салмақта Гүлжан Исановаға тең келер ешкім болмады. Жарыстың күміс жүлдесін біздің жерлесіміз Александра Подрядова (48 келі), «қола» медальді - Назгүл Құбашева (57 келі), Мариан Урдабаева (63 келі) және Альбина Амангелдинова (78 келі) иеленді.