Ақпанның 25 -і күні, «Спорттық Алматы» жобасы аясында еліміздің оңтүстік астанасында шығыс жекпе-жек фестивалінің жалауы желбірейді, деп ақпараттық және спорттық Хаб хабарлайды.

Фестиваль аясында аралас жекпе-жек чемпионаты және де «Fullcontact karate», «Shotokan karate», «Taekwondo» и «Combat aikido» спорт түрлері бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтайды.

Бұл спорттық шараға 5-17 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар арасында «Бағанашыл» спорт кешенінде өтеді. Мына мекен-жай бойынша: Бағанашыл мкр-ы, Санаторная-14 көш-сі.

Фестивальге kata және kumitе бойынша шақыру алған спортшылар, командалар, залдар, клубтар мен ұйымдар қатыса алады.

Турнирде әр жас, салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлері анықталып, сондай-ақ, үздіктер кубокпен марапатталады. Сонымен қатар, спорттың әрбір түріне арнайы сыйлықтар беріліп, «ең үздік техника», «жеңіске жігерленген ерік» және «ең қысқа жекпе-жек» номинациялар бойынша үздік спортшылар анықталады.