Аралас жекпе-жектен майталманы Арман Әшімов қазақстандық ММА спортшыларының көбісі тыйым салынған дәрумендерді қоданатынын айтты, деп жазады prosports.kz сайты.

- Біздікі олимпиадалық спорт түрі болмағандықтан, аралас жекпе-жекте көпшілігі допинг пайдаланады. Қазақстанда да допинг қолданатын спортшылар бар. Ұйымдарда көп тексеру бола бермейді. Тексергенде де белгілі бір мөлшерден аспаса болғаны. Ал өзім оған қарсымын. Болашақта әке боламын, ұрпақ жалғаймын. Допингпен 5 жыл жүрерсің. Ары қарай болашағың бұлыңғыр. Допингпен дүниені мойындата алмайсың. Спортты аяқтағаннан кейінгі халі қалай болмақ? Болашақты ойлау керек. Ұрпақ тағдырын ұмытпаған абзал, - деді Арман Әшімов massaget.kz сайтына берген сұқбатында.