Пхенчхан қысқы Олимпиадасында әйелдер арасында шорт-тректен 1000 метрге жүгіру жарысы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші топта мұз айдынына қазақстандық Анастасия Крестова шыққан. Ол оңтүстіккореялық Чхве Мин Джон, қытайлық Цюй Чуньюй және аустралиялық Динна Локеттпен бір топта өнер көрсетті.

Өкінішке қарай, Крестова бұл топта үшінші орын алып, 1/4 шыға алмай қалды. Ал Чхве Мин Джон мен Цюй Чуньюй ширек финалда бақ сынайды. Локетт болса, пенальти алды.

Бұл жарыстың финалистері мен жүлдегерлері 22 ақпанда белгілі болады.