Хоккейден Словения құрамасының шабуылшысы Жига Еглич Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарынан шеттелді. Бұл туралы Спорт арбитражды соты (CAS) хабарлады.

Хоккейшінің допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Оның қанынан фенотерол іздері табылды.

Енді Еглич 24 сағаттың ішінде Олимпиада қалашығынан кетуге міндетті. Жазасының қандай болатыны Олимпиада ойындарынан соң анықталады.