19 ақпанда еліміз атынан бар болғаны үш спортшы ғана Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында бақ сынады. Алайда, олар да қазақстандық жанкүйерлердің үмітін ақтай алған жоқ , деп хабарлайды prosports.kz сайты. Қазірге команда қоржынында фристайлшы Юлия Галышева алып берген бір қола медальден өзге жүлде жоқ.Бүгін конькимен жүгіру спорты бойынша ерлер арасында 500 м қашықтықта бақ сынаған спортшыларымыз жүлделі орыннан көріне алмады.Атап айтар болсақ, Станислав Палкин мәреге 35.33 уақытта жетіп, 22-ші орынға табан тіреді. Ал Артем Крикинов 23-ші орын алса (35.34), Роман Креч тіпті 36 спортшының ішінде 35-ші (35.92) болып келді.

Осылайша, бүгін де біздің спортшыларға медаль бұйырмады.