Қысқы Олимпиада ойындарының жалпыкомандалық есебі бойынша Норвегия құрамасы көш бастап тұр.

Бұл елдің қоржынында 9 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль бар. 5 күміс және 2 қола айырмасымен екінші орында – Германия спортшылары. Оларды өкшелеп келе жатқан Нидерланд командасында 6 алтын бар. Ал әзірге тек қоланы қоржынға салған Қазақстан Лихтенштейн елімен үзеңгі қағыстырып, 24-орында келеді.