16 ақпанда, Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында отандастарымыз төрт спорт түрінен бақ сынады. Бірақ, олар команда қоржынына жүлде сала алған жоқ, деп хабарлайды prosports.kz сайты.Корея жеріндегі күрделі күн райының кесірінен кейінге қалдырылған тау шаңғы жарсы бүгін өтті. Таң ата жарыс жолына шыққан шаңғышы Мария Григорова арнайы слаломда бақ сынады. Бірақ, Мария бірінші айналымды аяқтауға 1:02.49 уақыт жұмсап 54-ші орын алды. Ал екінші айналымда 2:04.37 уақыт көрсеткішімен 51-ші орынды қанағат тұтты.Тау шаңғы спортынының супергигант түрінен ел намысын қорғаған Игорь Закурдаев 41-ші орын алды.Қазақ жанкүйерлері жолына үмітпен қараған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де ел үмітін ақтай алмады. Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қысқа бағдарламада 70.12 ұпай жинап, 30 спортшының ішінде 27-ші орын алды. Сөйтіп, еркін бағадарламада өнер көрсету мүмкіндігіне ие бола алмады.15 шақырым қашықтыққа конькилік жүріс жарысында бақ сынаған шаңғышыларымыз да жақсы нәтиже көрсете алған жоқ. Бұл сында жарысқа қатысқан Виталий Пухкало 54-ші, Евгений Величко 61-ші, Денис Волотка 64-ші орын алды.Шаңғымен трамплиннен секіру спортының іріктеу сатысына қатысқан отандасымыз Сергей Ткаченко 70.9 ұпай жинап, финалда өнер көрсететін 50 спортшының қатарына қосылды. Сергей бүгін 47-ші орыннан көрінді.Осылайша, Олимпида ойындарының сегізінші күнінде де спортшыларымызға жүлде бұйырмады.