Қазақстандық спортшылар үшін Пхенчхандағы қысқы Олимпиаданың тоғызыншы сайыс күні аяқталды.

Бейсенбі де Қазақстанның қоржынын жүлделермен толтыра алмады. Фристайлшы Юлия Галышева алып келген қола медаль – жалғыз жүлдеміз. Қазір Қазақстан құрамасы медальдар есебінде Испаниямен бірге 20-шы орында тұр.

Ал көш басында әлі де Германия келеді. Норвегия құрамасы екінші орында тұр. Үздік үштікті Нидерланды түйіндейді.

Олимпиада-2018 медальдар есебі:

1. Германия — 14 (8-2-4)

2. Норвегия — 17 (6-7-4)

3. Нидерланды — 12 (5-5-2)

20. Қазақстан — 1 (0-0-1).