Тау шаңғысынан қазақстандық Игорь Закурдаев Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада 39-шы орын алды.

Бұл жарыста алтын жүлдені норвегиялық Аксель Лунд Свиндаль еншіледі. Ал күміс жүлде оның отандасы Хьетиль Янсрудке бұйырды. Үздік үштікті швейцариялық Беат Фойц түйіндеді.

Закурдаев болса, көшбасшыдан 1:45.01 минут уақытқа қалып қойды.

Қысқы Олимпиада ойындары-2018. Пхёнчхан (Оңтүстік Корея). Тау шаңғысы спорты. Жылдам түсу. Ерлер

1. Аксель Лунд Свиндаль (Норвегия) — 1:40.25

2. Хьетиль Янсруд (Норвегия) — +0.12

3. Беат Фойц (Швейцария) — +0.18

39. Игорь Закурдаев (Қазақстан) — +4.76.