Оңтүстік Кореяда кезекті жарыс күні бастау алды.

Бүгін төрткүл дүниеден жиналған спортшылар 9 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған жарыстар да бүгін өтеді. Тау шаңғысы мен биатлон сайысы бойынша спортшыларымыз жарыс жолына шығады. Сондай-ақ шаңғы жарысынан үш қазақстандық спортшы 10 шақырымдық бәсекеде бақ сынайды.

Ақпанның 15-і күні фристайл-акробатика бойынша іріктеу жарыс өтеді. Жерлесіміз Жанбота Алдабергенова ел намысын қорғауға дайын.