Бүгін Астана уақыты 17:05-де басталуы керек болған биатлоннан 15 шақырымға жекелей жарыс ауа арйының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды.Осы сында бақ сынайтын отандастарымыз енді бейсенбіні күтетін болады. Аталған жарыс ертең Астана уақытымен 14:15-те басталады.Жарыстың бұл түрінде еліміз атынан Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Елизавета Бельченко төртеуі бақ сынайтын болады.