Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) 2018 жылғы жаңартылған рейтингінде қазақстандық кәсіпқой бокшсы Қанат Исламның есімі жоқ болып шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Ислам бұған дейін WBC рейтингінде алтыншы сатыда орналасқан болатын. Алайда жаңа рейтингіде қазақстандық боксшы тіпті ТОП-15-тің қатарына ілінбеді.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қыркүйегінде Астанада өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.