Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) боксшылардың рейтингісін жаңартты.

Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев бірінші ауыр салмақта 36-шы орыннан бір сатыға жоғарылады. Ал жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Әли Ахмедов бір позицияға төмендеді, енді ол 28-ші орында тұр.

Бекман Сойлыбаев (екінші жартылай жеңіл салмақта 19-шы орын) пен Жанат Жақиянов (аса жеңіл салмақта 11-ші орын) өз орындарын сақтап қалды.