Қазақстандық шорт-трекшілер ерлер арасындағы эстафета сайысында өнер көрсетті.

Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғәлиев пен Еркебұлан Шамұханов бастаған құрама 5000 метр қашықтыққа сайыста өз тобында үшінші орын алып, финалға шыға алмады. Ұлттық құрамамыз Канада мен Қытай командаларынан жеңіліп қалды.

- Эстафеда сайысында Қытай спортшысын сәл түртіп жібердім. Мұз айдын кедергі келтірді. Енді 500 метр мен "В" финалына дайындаламыз. 500 метр қашықтыққа сайыста Нұрберген, Денис пен Абзал өнер көрсетеді. Себебі олар спринтерлер. Мен болсам "В" финалына қатысамын, - деді Шамұханов.

- Эстафета - командалық жарыс. Биылдан бастап құрамамыз өзгерді. Бұл уақыт бірігіп, жақсы нәтиже көрсету үшін аз болып қалды. Кем дегенде бір жыл уақыт керек еді. Біз болсақ қыркүйектен бастап Әлем кубоктарында өнер көрсете бастадық. Бірақ бәрі алда деп ойлаймын. Әлі де жанкүйерлерімізді қуантамыз деген ойдамын, - деді Әжғәлиев.

Олимпиада ойындары - 2018. Пхёнчхан

Ерлер, эстафета, 5000 м

Жартылай финал, I топ

1. Қытай (Ву Даянь, Нан Тяню, Рен Зивей, Ху Хонзи) - 6:35.605 2. Канада (Самуэль Жирард, Чарльз Хамелин, Чарл Курнье, Паскаль Дион) - 6:41.0423. Қазақстан (Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғәлиев, Еркебұлан Шамұханов) - 6:47.727 4. Нидерланды (Синки Негт, Даан Бреума, Итак Де Лат, Деннис Висер) - PENALTY