Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан шотландиялық «Селтиктің» трансферлік нысаналарының бірі болған.

Бұл туралы Prosports.kz сайтына берген сұқбатында британдық «Lucid Sport» компаниясының скауты Тимур Дагуев айтып берді.- «Селтик» Исламханды мұқият бақылады, ол тіпті шотландиялықтарға ұнады. Футболшының жеке техникасы жақсы, тамаша пастар бере алады. Әрі стандартты жағдайларды да жақсы орындайды. Бірақ, англиялық футболдың деңгейі қандай екенін бәріміз білеміз. Оларға ақылды, ұстамды ойыншылар ұнайды. Менше, Исламхан Еуропада доп тебу үшін осы жақтарынан тағы көп жұмыстар жасауы керек, - дейді Дагуев.