Түркия елінде екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақтөбе» командасы соңғы бақылау матчында Грузияның «Шукура» командасын жеңді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Ойында алғаш болып есеп ашқан «Шукура» командасына Пиззелли бір гол соғып, есепті теңестірді. Алайда Кобулети шаһарының клубы есепте қайта алға шықты. Үзіліске дейін «Ақтөбе» Марьяновичтің көмегімен есепті теңестіре алды. Ойын соңында Айымбетов қанжығасын майлап, матч нүктесін қойды, 3:2!

«Ақтөбе» - «Шукура» 3:2

Голдар: Пиззелли, Марьянович, Айымбетов

«Ақтөбе» құрамы

Нұрмұхаметов (Тамабай), Қайыров (Коробов), Марьянович (Кәкімов), Миличевич (Шурыгин), Рейналдо (Көкеев), Юрин, Сәулет (Таңжарықов) , Айымбетов, Пиззелли (Гейнрих), Аделейе (Жұмағали), Митрович