Конькимен жүгіру спортынан қазақстандық Федор Мезенцев Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада 1500 метр қашықтықта 28-ші орын алды.

Ол ресейлік Сергей Трофимовпен шығып, жеңіліп қалды.

Жалпы, жарыста жеңімпаз атанған голландиялық Кьелд Нейске төрт секундқа (+4.22) жол берді.

2013 жылғы әлем чемпионы, тағы бір қазақстандық Денис Кузин бұл қашықтықты 30-шы орынмен аяқтады (+5.13).

Жарыстың күміс медалі голландиялық Патрик Рустке, қола жүлдесі кореялық Ким Мин-Сокқа бұйырды.