Қазақстандық Алексей Полторанин Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада классикалық стильде жекелей спринттің ширек финалынан әрі аса алмады.

Ширек финалда Алексейдің тобында алты шаңғышы жарысқан. Полторанин бұл топта төртінші орын алып, бірінші келген спортшыдан 1.51 секундқа қалып қойды. Осылайша, қазақстандық шаңғышы жартылай финалға өте алмады.