«Челси» - «Вест Бромвич»

«Челси» өткен маусымда қарсылас біткенді қоғадай жапырып мәреге жеке дара келген болатын. Биыл «Челсидің» орнын «Манчестер сити» клубы басты. Ал лондондық команда маусым басында «Манчестер ситиге» басты бәсекелес атанатындай көрінген. Алайда «ақсүйектердің» соңғы ойынына қарап олай дей алмай қалдық.