«Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду ПСЖ командасымен болатын Чемпиондар лигасының 1/8 финалынан не күтетіндігін жеткізді.

«Бізге мықты командамен ойнауға тура келеді. Біз ПСЖ командасына құрметпен қараймыз, менсінбеушілік деген жоқ. ПСЖ командасымен болатын екі ойында да өзіміздің үздік футболымызды көрсетпесек келесі кезеңнен тыс қалатынымызды да түсінеміз», - деді Роналду.