«Реалдың» бразилиялық қорғаушысы Марсело ПСЖ шабуылшысы, өзінің отандасы Неймардың мадридтік командаға ауысуын қалайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Неймардың «Реалға» ауысқанын қалаймын. Ол мадридтік командаға тез бейімделеді деп ойлаймын. Неймар – тамаша футболшы, мұндай ойыншылар «Реалда» өнер көрсетуі тиіс. Ол әйтеуір бір кезде «Реалға» ауысады деп ойлаймын», - деді Марсело AS-ке берген сұқбатында.

Айта кетейік, Неймар ПСЖ-ға «Барселонадан» 2017 жылдың жазында 222 млн еуроға ауысқан болатын.