Бүгін, 11 ақпанда, Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында бес жарыста жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қатты желдің кесірінен Игорь Закурдаев қатысатын шаңғымен жылдам түсу жарысы кейінге шегерілді. Бұл сайыс кем дегенде сейсенбіде өтеді.

Тау шаңғысында ерлер арасында 10/10 шақырымдық скиотлон жарысы өткен. Виталий Пухкало төртінші ондықтан, Евгений Величко бесінші ондықтан орын алды.

Шана спортынан Никита Копыренко Олимпиадада алғашқы рет өнер көрсетті. Ол жүлдеге үміткер болмаған, сондықтан, ол үшін 36-шы орын аса төмен нәтиже емес.

Қазақстандық биатлоншылар спринтте де қуанта алмады. Біздің команда сапынан Роман Еремин 43-ші орын алды. Соның арқасында ізге түсу сайысына өтті.

Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстанның қоржынына алғашқы медаль түсті. Фристайлшы Юлия Галышева жекелей могулда үшінші орынға қол жеткізді.

12 ақпанның жарыстар кестесін мына жерден таба аласыз.