Хоккейден Ресей әйелдер құрамасы Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада алғашқы матчын өткізіп, канадалық қарсыластарынан ұтылып қалды.

Матч Канада құрамасының пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Енді ресейліктер 13 ақпанда АҚШ-пен күш сынасады. АҚШ құрамасы болса, Финляндияны 3:1 есебімен қапы қалдырды.

Олимпиадалық регламент бойынша А тобындағы төрт команданың бәрі де келесі кезеңге шығады. Алғашқы екеуі жартылай финалға, қалған екеуі – ширек финалға.

Сондықтан, бұл топтағы төрт команда да жүлдеге мүмкіндігін сақтап қалады.