Пхенчхан төрінде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақастан құрамасы бүгін бір қола медаль алды. Оны фристайшлы Юлия Галышева алып берді. Осы қола жүлденің арқасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 10-шы орынға көтерілді.Дәл қазіргі сәтте бір қола медаль алған құрамалар саны төртеу. Бізден бөлек Италия, Финляндия, Ресей спортшылары да осы межені бағындырып отыр.

Көшбасында Германия спортшылары тұр. Олардың еншісінде төрт алтын, бір қола медаль. Ал екі алтын, екі күміс, бір қола медаль алған Голлания құрамасы екінші сатыға жайғасса, бір алтын, төрт күміс, үш қола медалі бар Норвегия құрамасы үздік үшткіті түйіндеп тұр.