Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Олимпиада ойындарындағы могул сайысының екінші финалдық кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.Еліміз жанкүйерлері үлкен үміт күткен Юлия қыз алғашқы финалдық кезеңінде 75.10 ұпай жинап (7 орын), екінші финалға жолдама алған болатын.12 фристайлшы бақ сынаған екінші финалда Галышева 76.81 ұпай жинап (6-шы орын), финалдың соңғы кезеңіне шықты.Үшінші финалдық кезеңде үздік алты спортшы бақ сынайды.