Бүгін түнде футзалдан Еуропа чемпионатының жеңімпазы белгілі болады.

Өкінішке орай біздің құрамамыз финалға шыға алмады. Жартылай финалдық кездесуде испания құрамасының екі аяғын бір етікке тыққанымен пенальти сериясында жолы болмады.

Енді Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін Португалиядан ұтылған Ресеймен ойнайды.

Қазақстан мен Ресей құрамасы бір топта болған. Топтық кезеңдегі ойында жеңімпаз анықталмай 1-1 есебімен тең тарқасқан.

Кездесуді республика аумағында Хабар телеарнасы көрсететін болады.

Кездесу Астана уақытымен 23:00-ге жоспарланған.