Кореяның Пхенчхан қаласында алауы тұтанған ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында биатлоншыларымыз сайысқа қандай номермен шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында әйелдер арасында 7,5 шақырымдық спринт жарысы басталады. Аталған сында Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина және Елизавета Бельченко сынға түседі. Отандастарымыз арасынан Галина Вишневская 18-ші, Ольга Полторанина жарысқа 43-ші, Алина Райкова - 73-ші, ал Дарья Климина - 82-ші номірмен шығады.

Жарыс Астана уақытымен сағат 17:15 басталады.